ҚР Жоғарғы сотының делегациясы Бейжіңге барады

АСТАНА. ҚазАқпарат -11-12 сәуірде Қайрат Мәми бастаған Жоғарғы сот делегациясы Қытайға (Бейжің) барады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сапар барысында ҚХР Жоғарғы халықтық сотының төрағасымен кездесу жоспарланған.  Сонымен қатар, қазақстандық делегация Мемлекеттік судьялар академиясына бармақ.

Қазақстандық делегация құрамына Жоғарғы сот судьясы Мадияр Балкен, Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов және Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының орынбасары Әсия Қасенова кірді.