ҚР Жоғарғы сотының төрағасы АҚШ-тың судьясымен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков сот саласындағы қайта құрулар халықаралық сарапшысы, Минессот штатының (АҚШ) Федералдық сотының судьясы Пол Магнусонмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

П.Магнуссон мырзаны біздің еліміздегі сот жүйесінің ағымдағы ахуалын, Соттар одағы мәртебесін зерттеу үшін және Одақтың келешекте қауымдастыққа өтуін талқылау үшін Қазақстанға Халықаралық соттар қауымдастығы жіберіп отыр. Кездесу барысында М.Әлімбеков қазақстандық сот қоғамдастығы үшін бұл мәселенің маңызы зор екендігін, қауымдастық жұмысына қазақстандық делегацияның қатысу белсенділігінің артып келе жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ ол мейманға қазақстандық соттың және сот өндірісінің ерекшеліктері жөнінде, сот-құқықтық реформаның соңғы қорытындылары туралы әңгімелеп берді. Пол Магнусон қазақстан делегациясының сот әкімшілері халықаралық бірлестігінің жұмысына қатысуды ұсынды. Ол Қазақстанда алқабилер институты енгізілуін оң бағалады. Ол алқабилер қатысуымен сот үдерісіне қатысқан едәуір тәжірибесі бар екенін айта келіп, бұл институт өз міндетін ақтайтынына сенім білдірді.