Бұл туралы қала әкімі Лукаш Гибала Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
— Мен жаңа ғана 11 қарашаға дейін аза тұту жариялау туралы өкімге қол қойдым, — деп жазды қала басшысы.
Соңғы мәлімет бойынша, шабуыл салдарынан қаза тапқандар саны алты адамға жеткен. Тағы 12 зардап шеккен адам ауыр халде жатыр.
Атыс 7 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00 шамасында Краковтың Бас базар алаңында болған. Агенттіктің мәліметінше, камуфляж киіміндегі 25 жастағы Польша азаматы мемлекеттік нөмірі жоқ «Субару» көлігінен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға оқ атқан.
Ұстау кезінде шабуыл жасаған азамат оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Бұған дейін Польша премьер-министрі Дональд Туск Краков орталығындағы атысты теракт деп атағаны хабарланған еді. Үкімет басшысы полиция оқиғаның барлық мән-жайын тергеп жатқанын мәлімдеді.