Краснодарда қырғыз ұшқышы ұшақты құрылысы аяқталмаған ұшу жолағына қондырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан ұшқышы абайсызда өзі басқарған Boeing ұшағын Краснодарда құрылысы аяқталмаған ұшу-қону жолағына қондырды, деп хабарлайды Утро.ру.

«Базэл Аэро» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, әңгіме Бішкек-Краснодар бағыты бойынша ұшқан Boeing 737-300 туралы болып отыр.

Ұшақта 122 адам болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, ұшақ штаттық режимде қондырылды. Сол күні кешке ұшақ қайта Бішкекке ұшып кеткен.

Салынып жатқан ұшу-қону жолағына қонуға тыйым салатын арнайы белгілер болған. Оқиғаны тергеу Қырғызстанның авиациялық билік көздеріне тапсырылды.