Краснояр қаласының тұрғыны лифтіден гауһар тасқа толы қапшық тауып алды

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Краснояр қаласының тұрғыны лифтіден 500-ге жуық гауһар тас салынған қапшық тауып алды.

Бұл туралы утро. ру хабарлады.

  «Полиция қызметкерлері Краснояр қаласының Железнодорожный ауданында орналасқан үйдің лифтісінен аса бағалы тастардың табылуы бойынша тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Алдын ала жасалған есеп бойынша пакеттің ішінен  476 дана гауһар тас шықты. Бұларды 34 жастағы красноярлық тұрғын үйіне қайтып бара жатқан кезде тауып алған», -деп мәлімдеді журналистерге ІІББ баспасөз қызметі.

Табылған тастар құнын анықтау мақсатында ресми қорытынды жасау үшін сараптамаға жіберілді. Полиция қызметкерлері әшекей тастардың иесін іздестіріп жатыр.