Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде оқиғаның арнайы қойылымдар кезінде болғандығы жөнінде ақпарат жүр. Ондағы мәліметтер бойынша, қабылан аң үйретушілерді тыңдамай көрермендер залына шығып кеткен. Әйел адам өзінің 6 жасар баласын жыртқыштан қорғамақ болып жарақат алған.
Өңірлік полиция қызметкерлері агенттік өкілдеріне оқиғаның мән-жайын анықтап жатқандығын айтты.
«Әйелдің жағдайы орташа. Қолы бірнеше жерінен тігілді. Красноярск қаласына апарудың қажеті жоқ. Қазір ол осы ауруханада ем алып жатыр»,-деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Фото: Максим Блинов