Краснояр өлкесіндегі қару-жарақ қоймасында жарылыс болды

Фото: None
КРАСНОЯР. ТАСС-ҚазАқпарат - Красноярскінің Ачин ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болып, өрт шықты. Оқиға орнына эвакуацияға арналған автобустар жіберілді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі ауданның бірыңғай кезекші-дистепчерлік қызметіне сілтеме жасап.

«Эвакуацияжүріп жатыр, мен ол жақты жарылыс болып, өрт шыққаны туралы ақпарат алдым.Эвакуацияға автобустар жіберілді. Өртенген – әскери бөлім», - деді агенттіккесұхбат беруші.

ТАССагенттігіне жедел қызмет өкілі хабарлағандай, оқиға орнына ауырлығы бойыншаекінші нөмірлі өрт сөндіру қызметінің күштері жіберілген. Жарылыс әскери бөлімніңартиллериялық қоймасында болған.

Әзірге белгілісі, №1 Ачин ауданаралық ауруханасында хабарлағандай, снаряджарықшағы тиген екі адамауруханаға жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар