Красноярскіде Тәжікстан азаматынан бір килограмнан астам ерекше таза героин тәркіленді
17:42, 07 Шілде 2010
АЛМАТЫ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Красноярскіде Тәжікстан азаматынан 1,3 килограмм ерекше таза героин тәркіленді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Ресейдің Красноярск өңірінің ҚҚФ қызметкерлері Тәжікстан азаматынан құны 3 млн рубльдей болатын 1,3 кг ерекше таза героин тәркіледі. Олар есірткіні іштеріне жасыру арқылы тасымалдаған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
"Арнайы іс-шараны "Красноярск-әуежай" шекара бақылау бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізген. Есірткі сатушылар Ресейге Худжанд-Красноярск авиарейсімен келген. Олар барлығы 1300 грамм героин салынған 215 капсула алып өтпек болған", - деп хабарлады басқарманың баспасөз хатшысы Стелла Алексеева.
Ресейдің ҚҚФБ Тергеу бөлімі "Контрабанда" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тәжікстан азаматы қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.