- Иә, бұл мәселе бар. Нарықта бұрын банкте, кредиттік ұйымдарда немесе бұрын «Даму» қорында жұмыс істеген азаматтар өздерінің компаниясын ашып, көмектесеміз, бизнес жоспар жасап береміз, несие алып береміз деп қызмет көрсетіп жүр. Оны біз тексеріп, шетелдік тәжірибеге сүйеніп, осындай консалтингтік компанияларды реттеп, оларды аккредитация жасау шешіміне келіп отырмыз. Өйткені олармен күрес тиімсіз болып отыр. Жарайды, бұрын банкте жұмыс істеген қызметкерлер жұмысын істей берсін әрі қарай, бірақ, біз оны реттейтін болдық. Біз қауіпсіздік департаменті арқылы алдымен алаяқ болмауын тексеріп, екіншіден тәжірибесіне қарап, шарттар енгізіп, тізімін шығарамыз. Пилоттық режимде бастадық, шілдеде басталды, осы қараша айында бітеді, - деді Фархат Сәрсекеев Jibek joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер алаяқтың арбауына түсіп қалмауы үшін әрбір ақпаратты мұқият тексеруі қажет.
- Біздің миссия – макро, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, қаржылық қолдау. Кәсіпкерлер тексерілген, заңнамамен бекітілген ақпаратқа сүйену керек. Ол үшін біздің веб парақшамызға кіріп, филиалымызға келіп немесе «1408» Call орталығына хабарласып білуге болады. Әрине, әртүрлі кәсіпкерлер болады, - дейді ол.
Айта кетейік, елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген несие беріліп жатыр.