Кредит коллекшн тобы Қазақстан экономикасына 2,2 млрд. теңге қайтарды
18:54, 03 Тамыз 2012
АЛМАТЫ. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Кредит коллекшн тобы ел экономикасына 2,2 млрд. теңгені қайтарып, 60 мың азаматтың қарызын қайтаруға көмектесті.
Бұл туралы бүгін Алматыда халықаралық компаниялар тобының Қазақстандағы қызметінің 3 жылдығына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
Мәселелі қарызды өндіру және қарыз қоржынын сатып алуды кәсіби басқаруға маманданған компаниялар тобы 2006 жылы құрылған болатын. Өз қызметін ТМД аумағында жүзеге асыратын олардың басқаруында 1 млрд. доллардың 0,5 миллионға жуық іс бар.
Кредит коллекшн тобы компаниясының бас директоры Ерік Асылсейіттің айтуынша, олар бүгінгі таңда достастық елдері аумағындағы 4 мемлекетте жұмыс жасауда. Мәселен олар Қазақстандағы үшжылдық қызметі кезінде ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қоса алды.