деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мақсат Қабашевтің айтуынша, бүгін өткен жиналыс барысында қайта құрылымдау жоспарын банк кредиторларының 95,1 пайызы қолдап дауыс берген. Дауыс беруге кредиторлардың барлығы қатысқан. Бұған дейін белгілі болғандай, қайта құрылымдауға жатқызылатын қарыздың жалпы сомасы 677 миллиард теңге немесе 4,5 миллиард долларды құраған еді. Қайта құрылымдаудың жүзеге асыру нәтижесінде банк қарызы 150 миллиард теңге немесе 1 миллиард АҚШ долларына дейін қысқармақ. Банктің басқарма төрағасының айтуынша, бүгінгі дауыс беру келіссөздер үдерісінің соңғы кезеңі болып табылды. Бұдан кейін қайта құрылымдау жоспарын Алматы қаласы мамандандырылған Қаржылық соты бекітуі тиіс. Бұл жұмыстарды банк 2010 жылдың 1-ші наурызына дейін жүзеге асырмақ. Бұнымен банкті қайта құрылымдау жұмыстары аяқталып, банк ары қарай тұрақты жұмыс істейтін болады.
Банк басшылығының айтуынша, қайта құрылымдау қысқа әрі табысты түрде жүзеге асырылған. «Банктің енді таза балансы, оңтайлы ұйымдық құрылымы, корпоративті басқарудың ашық жүйесі және жаңа даму стратегиясы болады», дейді М.Қабашев. Оның айтуынша, ендігі уақытта банктің 67 пайыздық акциясына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен қалған 33 пайызына кредиторлар комитеті иелік ететін болады. Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап шағын және орта бизнесті, жеке тұлғаларды несиелендіру қайта жандандырылмақ.