Кредиттік ресурстардың жетіспеуі ШОБ үшін елеулі проблема болып отыр - Жолдау

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кредиттік ресурстардың жетіспеушілігі отандық бизнес үшін елеулі проблема болып отыр. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кредиттік ресурстардың жетіспеушілігі отандық бизнес үшін елеулі проблема болып отыр. Қазақстанда шағын және орта бизнестің толық қаржыландырылмауы шамамен 42 миллиард долларды құрайды. Бұл ретте банктерде көптеген триллиондық өтімділік жинақталған, ол іс жүзінде экономикаға жұмыс істемейді», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Ұлттық банк, Қаржылық реттеу жөніндегі агенттік, Үкімет нақты секторды тұрақты және қолжетімді кредитпен қамтамасыз ететін нақты шешімдер табуға тиіс.

«Жағдайдың күрделі ерекшелігін ескере отырып, Ұлттық Банк үлкен икемділік, тапқырлық танытуы тиіс дер едім. Шетелде оң мысалдар да бар», - Қасым-Жомарт Тоқаев