Кремльде президент ұшағы не үшін жөнделді

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ президенті ұшағын жөндеу жұмыстары тосын оқиғаға байланысты емес. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

Оның айтуынша, мемлекеттің бірінші тұлғалары қолданатын «Россия» арнайы ұшу жасағының барлық борттарына жоғары талаптар қойылады.

«Сіздер мемлекет басшысы қолданатын арнайы ұшу жасағы ұшақтарының ерекше бақылауда ұсталатындығын,  талаптың, тексерістің және т.б. жоғары екендігін білесіздер», - деп атап өтті Песков.

Бұдан бұрын «Известия» газеті Владимир Путиннің шетелге ұшатын «Россия» арнайы ұшу жасағының Ил-96-300 ұшағы көмкермесінің ішіне қарай майысқандығын хабарлаған еді. Әуе кемесін жөндеуден өткізу туралы тендер мемлекеттік тапсырыстар сайтында жарияланған. 

Фото: Михаил Метцель / РИА Новости