«Кремль кубогы» халықаралық теннис турнирінде қазақстандық теннисшілер жақсы нәтижелер көрсетуде

АСТАНА. Қазанның 19-ы. ҚазАқпарат - Мәскеуде жүлде қоры 2 080 500 АҚШ долларын құрайтын Мәскеу АТР халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Бірнеше сағат бұрын қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР дәрежесі 74) бірінші айналымда француз Жереми Шардиді (АТР дәрежесі 49) жеңді. Матч нәтижесі - 6:2,6:4.

Келесі айналымда Михаил Кукушкин румыниялық Виктор Ханескумен (АТР дәрежесі 51) немесе чехиялық Радек Штепанекпен (АТР дәрежесі 37) ойнайды.

Бүгін осы турнирде басқа қазақстандық теннисші Андрей Голубев (АТР дәрежесі 34) кортта аргентиналық теннисші Максимо Гонсалеспен (АТР дәрежесі 152) кездеседі.