Кресшілердің алтын қоймасы табылды

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Арсуф бекінісінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ең ірі алтын қоймасы табылды,

 деп хабарлайды Утро.ру.

Тел-Авив университеті мен Саябақтар мен қорықтар басқармасының археологтар тобы тапқан қоймада Шығыс елдерінде құйылған 108 алтын шақа табылған,  Жалпы салмағы шамамен 400 грамды құрайды.

XIII ғасырда тұрғызылған  кресшілері қорғаны орнын қазу жұмыстары кезінде көптеген садақ оқтары мен қалқан табылған. Бұл мәмлүктердің шабуылы кезінде бекініс үшін кескілескен шайқастың болғандығын білдіреді.