ІІД таратқан мәліметтерге қарағанда, полицияға 29 жастағы Астана тұрғыны белгісіз біреудің алаяқтық жолмен қаржылай ақшасын иемденіп алғанын айтып, шағым түсірген. Оның айтуынша, сайттардың бірінен криптовалюта сату туралы хабарламаны көріп, «сатушымен» байланысқан. Сауда орталықтарының бірінде кездесу кезінде зардап шегуші оған 11 200 доллар берген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 190-бабымен («алаяқтық жасау») сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Ер адам Астана қалалық ІІД-ның уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Астана қалалық ІІД ақшалай операцияларды жүргізу кезінде сақ болуға кеңес береді.