Криптовалютаны мейрамxаналарда да қабылдайды - депутат Қарағұсова
Депутат Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, криптовалюта нарығы бақылауға алынбаса да, қазақстандықтар оны айырбас құралы ретінде пайдаланып жүр. "Астананы бір айналып өтсеңіз, криптовалютаның айырбас құралына айналғанын көресіз. Оны қабылдайтын сауда ұйымдары да бар. Көлік саудасы ғана емес, кейбір мейрамxаналарда да қызмет үшін криптовалютаны алады. Сондықтан оны мойындаймыз ба, жоқ па, қазір криптовалюта айналымы бар. Аталған валютаны төлем құралы ретінде де, жинақ ретінде де пайдаланады", - деп атап көрсетті Г.Қарағұсова.
Айта кетейік, депутаттар криптовалюта нарығын тездетіп бақылауға алуды талап етті. Себебі аталған мәселе үлескерлер проблемасы сияқты ушығып кетуі әбден мүмкін. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков криптовалютаға қатысты банктің ұстанымын жеткізді.