41 жастағы аустралиялық актер және Голливуд жұлдызы Крис Хемсворт 2024 жылы тізімнің басына шықты.
2 орында – гонконг әншісі, актер және Mirror бойз-бэндінің мүшесі Кеунг То.
3 орында қытайлық актер әрі әнші Чжан Чжэхань тұр.
4 орында – түрік актері Халиль Ибрахим Джейхан.
5 орында жапон әншісі, биші, оңтүстік кореялық ENHYPEN бойз-бэндінің мүшесі Нишимура Рики (Ni-Ki) тұр.
6 орында британдық актер Генри Кавилл (2022 жылғы жеңімпаз).
7 орында – Джонгук, оңтүстіккореялық әнші, BTS бойз-бэндінің вокалшысы (2019 жылғы жеңімпаз).
8 орында американдық актер Тимоти Шаламе (2023 жылғы жеңімпаз).
9 орында сингапурлық актер, жүргізуші және музыкант Эйден Снг Чжэн тұр.
Үздік «ондықты» британдық актер Люсьен Лавискаунт аяқтады.
Тізімнің екінші және үшінші «ондығында» 49 жастағы чилилік-америкалық актер Педро Паскаль (18 орын), 52 жастағы британдық актер Идрис Эльба (22 орын), 45 жастағы америкалық танымал актер Джейсон Момоа (25 орын) тұр.
Тізімнің төменгі бөлігінде америкалық актер Крис Эванс (42 орын), британдық әнші және актер Гарри Стайлс (38 орын), британдық актер Николас Голицын (36 орын), британдық актер Том Холланд (68 орын), британдық актер Роберт Паттисон (71 орын) есімдері бар.
Үздік 100 әдемі тұлға тізімінің соңында ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм (98 орын) және Голливуд жұлдызы, канадалық актер Киану Ривз (86 орын) тұр.
Әлемге әйгілі 100 ең әдемі тұлғаның тізімін TC Candler және The Independent Critics 1990 жылдан бастап жариялап келеді.