Крис Мэнникс: «Канело «белдігімен» қоса беделінен де айырылды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Yahoo! Sports шолушысы Крис Мэнникс Сауль Альварестің WBC чемпиондық белдігінен бас тарту туралы шешіміне қатысты пікірін айтты, деп жазады Sports.kz.

«Головкин ешқашан кездесуден бас тартқан емес. Егер екеуінің жекпе-жегі болмайтын болса, онда Канело бұл кездесуден қашты деген сөз. Амал қанша, бұл - оның таңдауы. Алайда, белдікпен қоса ол беделінен де айырылды», деп жазды ол Твиттердегі парақшасында.