АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Германия құрамасы және «Реал Мадрид» футбол клубының үздік ойыншысы Месут Өзил индонезиялық бір сайтта берген сұхбатында, өз командаласы Криштиану Роналдоның Құран үйреніп жүргенін айтты,
деп хабарлады islam.ru сайты.
muftyat.kz сайтының жазуынша, Месут Өзилдің сөзіне сенсек, «Роналдо бос уақытында Құран тыңдауды ұнатады екен. «Менен Қасиетті құранды оқуды үйретуді сұрайды. Қазірдің өзінде Роналдо араб әріптерін көбін жатқа біледі. Роналдо сүйіп тыңдайтын Құран Кәрімнің алғашқы сүресі -«Фатиха», дейді ол.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.