Криштиану Роналдо «Реалдан» 20 млн. еуро көлемінде жалақы талап етуде

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Мадридтің «Реалы» мен шабуылшы Криштиану Роналдо арасындағы келісім-шартты ұзарту туралы келіссөздер футболшының қаржылық талаптарына байланысты тоқтап қалды.

Португалиялық БАҚ мәліметінше, Роналдо жылына 20 миллион еуро сұраған. Бұл клуб ұсынған қаржы көлемінен 5 миллионға артық.

Қазіргі қолданыстағы келісім-шартқа сәйкес португалдық футболшының жылдық жалақысы 12 миллионға жуық.