Роналдудың жалпы табысы 125 млн долларды құраған, соның 70 миллионы – жалақы, қалған 55 миллион – жарнамалық келісімшарттар.
Роналду – «Алтын доптың» бес дүркін иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының жеңімпазы. «Манчестер Юнайтед» құрамында ойнап жүріп, Англияның үш дүркін чемпионы атанды, Англия кубогы мен Чемпиондар лигасын ұтқан. Роналду – ұлттық құрамалар тарихындағы үздік шабуылшы, Еуропа чемпионаттарының үздік шабуылшысы, Чемпиондар лигасы тарихында, әлемнің клубтық чемпионаты мен мадридтік «Реалдың» үздік шабуылшысы.