Әлемдегі ең семіз адам Андрес Морено жақында салмақ тастау үшін ота жасататынын хабарлаған еді. 37 жастағы Мексика тұрғынының көңілін аулау үшін Роналду оған жейдесін жолдады.
Қазір Андрес Мореноның салмағы 435 келі. Ол бұл дертке кішкентай кезінде шалдыққан. Денесіне жасалатын отаның арқасында 100 келідей салмақтан арылуды жоспарлап отыр, деп жазады massaget.kz.