Криштиану Роналду Англияға қайта оралмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық 'Реал' футбол клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Испаниядағы салықты төлемегені үшін айып тағылғандықтан Англияға қайтып баруды жоспарлауда, деп жазды The Sun газеті.

- Англияда салыққа қатысты проблема ешқашан болған емес, сондықтан да ол жаққа қайтып ораламын. Салықты уақтылы төледім, мен ештеңе жасырмайтынымды білесіздер.  Мені салық төлемеді деп  айыптау күлкілі жағдай, - деген 31 шілдедегі сот отырысындағы Роналдудың сөзін келтіреді басылым.

Еске салсақ,  Испания прокуратурасы   Роналдуды  2011 - 2014 жыл аралығыгда €15 млн көлемінде салық төлеуден жалтарды деп айыптады.    Бұған сәйкес спортшы бес жылға дейін сотталуы мүмкін.