АСТАНА. ҚазАқпарат – Португалия құрамасы мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ресми матчтарда баспен соғылған гол саны жөнінен рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сhampionat.comсайтынан мәлім еткеніндей, португалиялық ойыншы клубтық араб чемпиондары кубогының топтық бәсекесінде «Монастирмен» өткен бәсекеде (4:1) гол соқты.
Осылайша, Роналду ресми ойындарда баспен 145-гол соғып, кезекті рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін үздік көрсеткіш неміс шабуылшысы Герд Мюллерге (144) тиесілі еді. Испаниялық Карлос Сантильян (125) үшінші орында.
Роналду «Аль-Наср» командасында биылғы қаңтардан бері доп теуіп келеді. Келісімшарт 2025 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда Криштиану 20 матчта 14 гол енгізіп, екі нәтижелі пас берді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Хан Тәңірі» командасымен тең ойнағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).