Португалия мен саудиялық « Аль-Наср » клубының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясынан мәлім еткендей, Сауд Арабиясы чемпионатының жетінші турында «Аль-Наср»«Аль-Ахли» клубын 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Бұл Роналдудың спорттық жолындағы жеңіліссіз өткізген 1001 матчы еді.
Соның ішінде 777 жеңіс болса, 224-і тең ойын.
Криштиану «Аль-Наср» сапында 28 (барлығы 33), «Ювентуста» 114 (134), «Реалда» 386 (438), «Спортингте» 21 (31), Португалия құрамасында 158 (201) ойында ұтылмаған. Ол барлығы 1183 кездесуге қатысқан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).