Наградаға Барселона шабуылдаушысы аргентиналық Лионель Месси мен мюнхендік «Бавария» және Германия құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер де үміткер болған. Роналду дауыс беру нәтижесі бойынша 37,66 пайыз дауыс жинаса, Месси - 15,16 пайыз, Нойер - 15,72 пайыз дауыс жинады. Дауыс беруге құрама командалардың 181 бапкері, 182 құрама капитаны, 181 БАҚ өкілі қатысты.
Бұл жайында 12 қаңтарда Цюрихте рәсімде ресми жарияланады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша да «Алтын доп» Криштиану Роналдуға бұйырған еді. Бұған дейін төрт жыл қатарынан бұл жүлдені Месси иеленген болатын.