Криштиану Роналду кино түсірмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Криштиану Роналду футболдағы мансабын аяқтаған соң кино түсірумен айналысқысы келетінін айтты, деп жазады sport-express .

«Мен футболдан кетсем де өзім қызығатын істермен айналыса бергім келеді. Оның ең басында кино саласы тұр. Кино түсіру менің бұрыннан бергі арманым», - дейді спортшы.

Криштиану Роналдудың бұл сөзі Beinsports.com сайтында жарияланды.

«Қазір менде өзім ашқан мейрамханаларым, жаттығу залдарым бар. Сонымен қатар әйгілі маркалы спорттық киімдер сатумен де айналысам. Мен өзімді болашақта табысты бизнесмен ретінде де елестетемін. Футболдан кейінгі өмірім де көңілді өтетінінен үміттімін», - дейді бес дүркін «Алтын доп» иегері.