Криштиану Роналду өз есімімен аталатын әтір шығармақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» форварды Криштиану Роналду өз есімімен аталатын парфюмды шығаруды жоспарлап отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлаған. «Жеке парфюмымды жаздың соңында шығарамын. Өте тамаша. Жаңалықтардан тыс қалмаңыздар», - деп жазды Роналду Twitter-гі ресми аккаунтында.

Парфюмериядан басқа, португалдық спортшы ерлерге арналған CR7 (Cristiano Ronaldo 7) брендімен шығарылатын іш киімдер, киім және аяқ киімнің желісінің иесі болып табылады.