Бұл туралы ҚазАқпарат Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның жазуынша, Роналду дәрігерлер мен өзге де қызмет көрсететін мамандардың жалақыларын қоса алғанда, аурухана жұмысына кететін барлық шығындарды өз мойнына алмақшы.
Қазіргі таңда Криштиану өзімен бір клубта ойнайтын Даниэл Руганиден 12 наурыз күні коронавирус табылуына байланысты Португалияда карантинде жатыр.
Португалияда осы кезде барлығы 169 адам жаңа вирусты жұқтырған.