Марапаттау рәсімі Мадридте өтеді. 30 жастағы португалдық үшін бұл төртінші «Алтын бутсы» болмақ. Осылайша ол 1968 жылдан УЕФА елдерінің үздік шабуылшыларына берілетін сыйлық тарихында рекорд орнатады.
Өткен маусымда Роналду Испания чемпионатында 35 матч өткізіп, 48 гол соқты.