АСТАНА. ҚазАқпарат – Португалия мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Сауд Арабиясы чемпионатының 5-турында «Аль-Наср» сырт алаңда «Аль-Хазм» клубын 5:1 есебімен ойсырата ұтты.
Осы кездесуде Роналду қарсылас команда қақпасының кілтін тауып, екі нәтижелі пас берді. Бұл оның спорттық жолындағы 850-інші голы еді. Сөйтіп ол өзінің рекордын жаңартты.
Роналду «Аль-Наср» клубына биылғы қаңтарда ауысқан еді. Жаңа маусымда ол төрт ойынға қатысып, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас беріп үлгерді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Криштиану Роналдудың ұлттық чемпионатта гол соғу жөнінне әлемдік рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).