АСТАНА. KAZINFORM – Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 22 жыл қатарынан құрамасының сапында гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы болды. Бұл туралы Report жазды.
40 жастағы шабуылшы бір күн бұрын Ұлттар лигасының ширек финалдық қарымта кездесуінде Дания құрамасына қарсы ойында гол соққан болатын.
Португалиялықтар скандинавиялықтарды қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңді.
Криштиану Роналдудың еншісінде 929 гол бар. Жалпы, Роналду Португалия құрамасының сапында 217 матч өткізіп, 136 гол соққан. Португалия құрамасының құрамында Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттар лигасында Франция құрамасы Хорватияның осал тұсын тапқанын жазған едік.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы