деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, 24 жасар Роналду бақайына операция жасау қажет етілетінін хабарлады. Жарақаттан ол екі айға қатардан шығып қалған еді.
Роналду «Алтын допты» 2008 жылы алған болатын, 2009 жылдың қорытындысы бойынша бұл жүлдені «Барселонаның» және Аргентинаның шабуылшысы Лионели Месси танауының астынан қағып әкетті. Португалиялық аяқдопшы ФИФА версиясы бойынша әлемдегі ең үздік ойыншыларды таңдауда дауыс беруде екінші орынды иеленді.