АСТАНА. ҚазАқпарат – Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасы сапындағы алғашқы ойынын 5 қаңтарда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Португалдық шабуылшы 2 қаңтарда жаңа командасының сапына қосылды. Ол алғашқы ойынын алдағы бейсенбіде, 5 қаңтарда өткізу мүмкін.
«Аль-Наср» командасы 1955 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінің біріншілігінде тоғыз мәрте чемпион атанып үлгерді. Ал, 1998 жылы Азия кубогі иелері кубогінде жеңіс тұғырына көтерілді.
Команда құрамында колумбиялық қақпашы Давид Оспина, испаниялық қорғаушы Альваро Гонсалес, аргентиналық жартылай қорғаушы Гонсало Мартинес, камерундық шабуылшы Венсан Абубакар секілді танымал футболшылар ойын көрсетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Криштиану Роналду жаңа командаға ауысуы жөнінде пікір білдірді.
Фото: ГОЛУБОВИЧ ДМИТРИЙ, «ЧЕМПИОНАТ»
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.