Криштиану Роналдудың әйелі өзбектің ұлттық киіммен түскен суретін жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың әйелі Джорджина Родригес өзбектің ұлттық киімімен түскен суретін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолдан жасалған, ізгі ниетпен Өзбекстаннан», - деп жазды Джорджина Родригес өзінің Instagram парақшасында.

Фотосурет аз уақыттың ішінде бірнеше мыңдаған «лайк» жинап, желі қолданушылары жылы пікірлерлерін қалдырып жатыр.