Криштиану Роналдудың кезекті рекорды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал футболшы Криштиану Роналду твиттер әлеуметтік желісінде 30 млн. жазылушы жинап, спортшылар арасында рекорд орнатты, деп жазады sovsport.md.

Роналдудың твиттері әлеуметтік парақшалардың ең танымалдығы бойынша 13-орында тұр, ал көш басында Барак Обама, Кэти Перри, Джастин Бибер, т.б. тұр. Бұл туралы Роналдо парақшасында өзі хабарлаған екен. «Твитттерде 30 млн. оқырманым бар! Бұл деген керемет қой! Барлықтарыңызға рахмет!» - деп жазған ол.

1. Криштиану Роналду («Реал») - 30 миллион 2. Кака («Сан-Паулу») - 20,9 3. Леброн Джеймс («Кливленд», баскетбол) - 14,9 4. Неймар («Барселона») - 14,5 5. Роналдиньо («Керетаро») - 10,8 6. Уэйн Руни («Манчестер Юнайтед») - 9,97 7. Андрес Иньеста («Барселона») - 9,61 8. Жерар Пике («Барселона») - 9,47 9. Хаби Алонсо («Бавария») - 8,19 10. Кевин Дюрэнт («Оклахома-Сити», баскетбол) - 8,17