Кристин Лагард Халықаралық валюта қорын басқаратын тұңғыш әйел атанды

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы қаржы министрі Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының басшысы болып сайланды.

Қордың тарихында оны алғаш рет әйел адам басқарып отыр, деп хабарлайды Би-Би-Си телекомпаниясы.

Кешеге дейін Францияның қаржы министрлігін басқарып келген Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының жаңа басқарушы-директоры болып сайланды.