Кристина Овчинникова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан қазақстандық Кристина Овчинникова биіктікке секіруден Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Кристина Овчинникова жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Көрсеткіші - 186 сантиметр.

Екінші орынға тағы бір қазақстандық Елизавета Матвеева ие болды. Ол 186 сантиметрді бағындырғанымен оған дейін бірнеше мүмкіндігін пайдаланды.

Үшінші орынға 183 сантиметр көрсеткішпен өзбекстандық Светлана Радзивил жайғасты.

Қазақстандық спортшылар осылайша құрлықтық додада үшінші мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазірге дейін Шедрак Коеч Кимутай 10000 метрге жүгіруде мәрсе сызығын екінші болып қиды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық балуандар 8 медаль алды.