Кристина Шумекова әлем кубогінің үш дүркін жеңімпазы атанды
20:41, 30 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде үшінші алтын медалін жеңіп алды.
Бүгін, 30 қарашада спортшы 1500 метрлік жарыста алтын медаль жеңіп алды. ҚР ҰОК мәліметінше, екінші орынды Аяно Секигучи (Жапония) иеленді. Үздік үштікті Цзяминь Цзян (Қытай) түйіндеді.
Бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метрлік жарыстарда жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Софья Берульцева каратэден Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты.