АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Британ астанасының Жоғары соты «Кристис» аукцион үйіне Кустодиевтің жасанды картинасын сатқаны үшін Виктор Вексельбергтің «Аврора фан артс» қорына 4,5 млн-нан астам доллар төлеуге міндеттеді.
ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, шығарылған шешімге сәйкес 2005 жылы жасалған «Одалиска» туындысын сатып алу туралы келісім бұзылды.
Сот қорытындысына сәйкес, жиналған барлық деректер ұйқыдағы жалаңаш әйел бейнеленген картина танымал орыс суретшісінің туындысы еместігін дәлелдеп отыр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.