Түркияда ұсталған шетелдіктер Крокустағы лаңкестік әрекетті жасағандарға нұсқау беріп, оларға 800 мың рубль және жаңа төлқұжат беруге уәде еткен көрінеді.
Еске сала кетсек, 22 наурыз күні Ресей астанасы Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар оқ жаудырған еді.
Өкінішке қарай, оқиға салдарынан 150-ден астам адам жарақат алып, 100-ден астам адам мерт болды.
Қазақстан президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтқанын жазған едік.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен шұғыл жиын өткізгені мәлім болды.