Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарлаған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.
Еске сала кетсек, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бебіт тұрғындарға оқ жаудырған.
Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.