Бортында 3009 жолаушысы мен 1160 экипаж мүшесі бар лайнер Лос-Анджелестен Гаитиге 28 күндік круиздік сапарға шыққан. Қазіргі кезде бұл ауруды 158 жолаушы және 14 экипаж мүшесі жұқтырған.
Қазір Crown Princess Лос-Анджелеске жақындап келеді. Дүйсенбі күні Сан-Педро қалалық портына келгеннен кейін лайнер бортына CDC қызметкерлері көтеріліп, жағдайды өз көздерімен көреді.
Кеменің иегер-компаниясы Carnival plc бөлмелерді санитарлық тазалау шараларын қолға алды. Компания лайнердің 29 қарашада басталатын келесі круиздік сапарына дейін кең ауқымды тазалық шараларын жүргізбек.
Асқазан тұмауы ретінде белгілі норовирус індеті - жұқпалы аурулардың бірі. Бұл індет көбіне жолаушылар кемелерінде пайда болады және адамнан адамға тез таралады.