Шараны ҚР БҒМ-ның Азия және Океания елдеріндегі Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі, Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігі, сондай-ақ қазақстандық студенттердің Қытайдағы қауымдастығы (KSAC) ұйымдастырды.
Құрылтайда «Қазақстандық жастардың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асырудағы рөлі» тақырыбында конференция, сондай-ақ «Менің Қытайдағы студенттік өмірім» тақырыбымен КТК фестивалі өткізілді.
Конференцияның қорытындысы бойынша белсенділер Қытайда білім алып жүрген қазақстандық жастардың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыруға қатысуы туралы меморандумға қол қойды.
Еске сала кетейік, Қытайдағы қазақстандық студенттердің құрылтайы ҚР БҒМ-нің Халықаралық бағдарламалар орталығы мен ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің бірлесіп ұйымдастыратын шарасы.