АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық шахматшы Ксения Балабаева Перу астанасы Лима қаласында өткен шахматтың рапид түрінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды.
Дүбірлі додаға 23-25 қыркүйек аралығында 20 елден 113 спортшы қатысты. Олардың арасынан 19 жастағы отандасымыз жеңіс тұғырына көтерілді.
Еліміздің атынан әлем чемпионатына Ксениядан өзге Әмина Қайырбекова және Лия Құрманғалиева барған еді.
Дүбірлі додада Ксения сенімді түрде көш бастады. Шешуші күні өзбекстандық Умида Омоновадан басым түсті. Одан кейінгі екі ойында тең түсіп, чемпион атағын жеңіп алды.
Қорытынды нәтиже:
1. Ксения Балабаева (Қазақстан) – 7 ұпай
2.Афруза Хамдамова (Өзбекстан) – 6½ ұпай
3. Варвара Полякова (FIDE) – 6½ ұпай
7. Әмина Қайырбекова - 6 ұпай
12. Лия Құрманғалиева - 5 ұпай.
Еске салсақ, бұдан бұрын шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.