15:48, 17 Наурыз 2009
Ксерокс компаниясы жыл сайын ғылыми зерттеулер мен жаңа шешімдерді жасауға табысының 4-5 пайызын жұмсайды
АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ксерокс компаниясы инновациялық жобаларды қаржыландыруды алдағы уақытта да белсенді түрде жалғастыра бермек,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өткен жылы Ксерокстың ғылыми-зерттеу орталығының мамандары АҚШ-та 609 патентке ие болды. Оған Жапонияда Fuji Xerox Co. Ltd. кәсіпорындарымен бірлесіп жасағандарын қосқанда, патенттерінің жалпы саны 940-тан асады. Олардың зерттеу, жасау және құрастыруға жыл сайын жұмсайтын инвестициясы 1,5 миллиард доллардан артық. Ксерокс компаниялар тобы өткен жылы нарыққа 29 жаңа өнім ұсынса, қазіргі таңда әлемнің барлық елінде тіркеген патентерінің саны 55 мыңнан асып отыр.Барлық спектрдегі сандық баспа құралдарының жетекші
өндірушісі саналатын бұл компания қазір 160 елде 200-ден астам атаулы өнім түрін шығаруда. Оның Орталық Азиядағы өкілдігі 1992 жыл ашылған еді. Ол Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Моңғолия елдеріндегі серіктестер желісін үйлестіреді.