Ксерокс компаниясының өнімдері сарапшылардың 230 наградасына ие болды

None
АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Салалық сарапшылардың марапатына ие болған Ксерокс компаниясының өнімдері 2007 жылға қарағанда былтыр 20 пайызға артты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ксерокс компаниясының өнімдері 2008 жылы салалық сарапшылардың 230 наградасына ие болған еді. Марапатқа ие болған өнімдер арасында бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері, көшірме (сканер) және түрлі-түсті принтерлер мен әмбебап құрылғылар (МФУ) бар. Компания сондай-ақ білімді басқару, инновацияны ендіру, ішкі корпоративтік саясат, іскерлік этикасы, қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша да үздік деп табылды. Мәселен, Ксерокс компаниясының тауарлары «Better Buys for Business» басылымының кеңселік басу құралдары саласындағы 33 «Редакция таңдауы» марапатына ие болды. Ал BLI (Buyers Laboratory Inc.) тәуелсіз тест зертханасының «Жыл таңдауы», «Үздік жетістігі үшін» сияқты 9 аталымын иеленді. Жалпы қазіргі таңда Ксерокс компаниясы әлемнің 170 елінде өзінің 200-ден астам өнімін тұтынушылар назарына ұсынып жүр. Оның Балтық жағалауы, Шығыс Еуропа ТМД, Кавказ және Азия елдеріндегі бөлімшелері «Ксерокс Еуразия» деген атпен 2004 жылы құрылған болатын. Аймақтық кеңселері Алматы мен Астана қалаларында орналасқан.