Ксерокс корпорациясы 2009 жылы әлем бойынша 350-ден астам награда жеңіп алды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Buyers Laboratory Inc» (BLI) зертханасы Ксерокс корпорациясын қазіргі заманғы ақпараттық технологияны игергені үшін «Көрнекті жетістігі үшін» наградасымен марапаттады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы корпорация үшін 2009 жыл жемісті болды. Жаңа технологияларды қолдануы, техникаларының сенімді жұмысы мен озық қызметі үшін бүкіл әлем бойынша 350-ден астам наградаға қол жеткізді. Ақпараттық технология саласындағы жетекші талдаушылар, зерттеу фирмалары мен техникалық басылымдар Ксерокстің инновациялық жасалымдарды жетілдіруге деген мақсаттылығын жоғары бағалады. Мәселен, біреулер белгілі бір сала бойынша - үздік өндіруші десе, екіншілері - ең озық өнім жасаушы, үшіншілері - ең сенімді серіктес деп мойындап арнайы наградалармен марапаттады. Қазіргі таңда Ксерокс корпорациясы әлемнің 160 елінде 200-ден астам атаулы өнім түрін шығарады. Ол биылғы жылы да өзінің сәтті жасалымдарын Сан-Францискодағы «MacWorld», Вашингтондағы «FOSE», Вашингтондағы, Филадельфиядағы «AIIM/On Demand», Бирмингемдегі «IPEX», Чикагодағы «Graph Expo» сияқты салалық шараларға ұсынбақ.