«Ксерокс» корпорациясының Бас атқарушы директоры қызметінен кетпек
19:04, 26 Мамыр 2009
АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Ксерокс» корпорациясының бас атқарушы директоры Энн Малкахи маусымның 21-інен бастап қызметінен кетеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Ол миллиардтаған айналымы бар корпорацияны сәтті басқарды. Сондай-ақ баспа және құжаттарды басқару технологиясы саласында Ксероксты инновациялық компанияға айналдырды. Энн Малкахи әрдайым көшбасшылығымен, стратегиялық қадамдарымен, кең ой өрісімен, үлкен сараптамалық тәжірибесімен және қызметкерлерді идеяластар ұжымына шоғырландырушылық қасиеттерімен ерекшеленетін», - дейді Директорлар кеңесінің жетекші тәуелсіз мүшесі Н.Дж. Николас. Э.Малкахи Бас атқарушы директор қызметіне 2001 жылы тамыздың 1-інде келді. 2002 жылдың 1-ші қаңтарында Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Оған дейін 2000 жылдың мамырынан 2001 жылдың шілдесіне дейін компанияның президенті және Басқарушы директоры болып жұмыс жасады.